Жаңалық

Шетелге барып демалудың қаупі – тырысқақ!

Шетелдегі демалыстың сәтті болуы үшін демалыс орнын таңдау барысында әрбір азамат таңдалған елдегі инфекциялық ахуалды ескеруі қажет.

Бүгінде дүниежүзі бойынша тырысқақтың (холера) ахуалы тұрақсыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2024 жылдың карантиндік инфекциялармен сырқаттанушылық деректері бойынша әлемдегі 20 мемлекетте 81655 жағдай тіркеліп, оның 1576  жағдайы өліммен аяқталған. Азияның континенті бойынша 3 мемлекетте (Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан) 11083 жағдай тіркеліп, оның ішінде 8 жағдай өліммен аяқталған.

Елімізден туристік сапармен баратындар санының өсуіне байланысты аурудың Қазақстанға әкелініп, таралу қауіпі жоғары. 2024 жылдың 5 сәуірінде  «Дели-Алматы» рейсімен келген туристердің ішінен «тырысқақ» инфекциясы анықталып отыр.

Жалпы, тырысқақ – асқазан-ішек жолын зақымдайтын, құсу мен іш өту салдарынан ағзаның сусыздануына әкелетін аса қауіпті жедел ішек инфекциясы.

Тырысқақ ауруының қоздырғышы вибрион, суда көп уақыт сақталады, кептіруге, күн сәулесінің тікелей әсеріне, қайнатуға төзімсіз. Қоздырғыш су, тағам, тұрмыстық — қатынас жолдарымен жұғып, аш ішекте көбейіп, ауру тудырады. Жұқпаның көзі — науқас адам немесе қоздырғыштасымалдаушы.   

Тырысқақ ауруының белгілері: жүрек айну, лоқсып құсу, іш өту (ауыр түрге айналса күніне 20 -30 ретке дейін), дәреттің түрі күріш қайнатпасына ұқсас болады. Осының нәтижесінде ағзадан су және микроэлементтер көп мөлшерде шығып, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30% дейін салмағын жоғалтады. Науқастың денсаулық жағдайы ағзаның сусыздануынан нашарлайды, суық тер басып, дене қызуы 34-35С дейін төмендейді, көзі шүңірейіп, терісі кеуіп тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады немесе мүлдем шықпай қалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе, ол қайғылы жағдайға ұшырайды»,- деп атап өтті  Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Тырысқақ дертінің алдын-алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  • жеке бас гигиена талаптарын қатаң сақтау;
  • суды қайнатып қолдану;
  • тамақтану алдында және әжетханадан кейін қолды сабынмен тазалап жуу;
  • көкөніс пен жеміс — жидекті пайдаланарда сумен тазартып жуу;
  • тез бұзылатын тағамдарды белгіленген температурада тоңазытқышта сақтап, оларды жарамдылық мерзімі шегінде пайдалану;
  • ластанған су көздерінде шомылмау;
  • тырысқақ ауруынан қолайсыз елдерге сапарға шыққанда сақтық шараларын сақтау;
  • тырысқаққа ұқсас белгілер пайда болғанда дереу медициналық көмекке жүгіну.

Осы қарапайым ережелерді сақтау – денсаулық пен қауіпсіз демалыстың кепілі!

 

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең
Жаңалық

Қонаев қаласының тұрғындары тұрғын үй құрылысының сапасына наразылық білдірді

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қонаев қаласы 5 шағынауданының тұрғындары өтінішін арқалап келді. Баспанаға әрең қол жеткізген тұрғындардың «ICB Company»
Жаңалық

Алматы облыстық мәслихат депутаты МӘМС жүйесі туралы пікір білдірді

Алматы облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Кураметова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тімділігі, оның мүмкіндіктері жайлы пікір білдіріп, бүгіндегі облыстағы медицинаның сапасына тоқталды. "Медицинаның сапасына қатысы сын қызу талқыланып жатыр. Мен де
Жаңалық

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19