Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.
«Жерасты ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда ҚХР азаматтары үшін жұмыс істегені анықталды. Жүргізілген тінту іс-шараларының нәтижесінде 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық жабдықтар, сондай-ақ, 60 мыңнан астам қытай юань сомасындағы ақша табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді спикер.
Бүгінде IT құралдар арқылы интернет-кеңістікте заңсыз жұмыс жасау жүзеге асырылуда. Заңсыз контент белгілері бар анықталған сайттарды (аккаунттар) бұғаттау үшін Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі. Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша 1200-ге жуық заңсыз контент анықталып, барлығы бұғатталды.
Сондай-ақ, тұлғалардың әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram платформасында заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыптыларды кінәлі деп тауып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Спикердің айтуынша, Департамент министрлікпен бірлесіп әлеуметтік желілердегі жағдайды мұқият қадағалайды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Осыған байланысты азаматтарды заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

Related Posts

Жетісу облысы

Елімізде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

ҚР Әділет министрлігі 1 сәуір мен 23 сәуір аралығында «Антиконтрафакт» республикалық акциясы өтетінін хабарлайды. Шара зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында
Жетісу облысы

Жетісу облысында 35 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орайластырылған айлық басталды. Жыл басынан облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсетілген кезең ішінде заңсыз айналымнан 35 келіге жуық түрлі есірткі заттары
Қоғам

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін 375 азаматқа 1,9 млрд теңге шағын несие бөлінді

Алматы облысына кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде шағын несиелер беруге 375 үміткер үшін 2,5% - бен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзіммен
Жетісу облысы

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ: Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Жетісу облысында 8-12 наурыз күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде 12 су басу фактілері тіркелді. 9 жергілікті су басу жағдайларынан Алакөл ауданының Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл станциясы,