Жаңалық

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Жанбатыр Сансызбай айтты.
Спикердің айтуынша, есепке алу жүйесінің ерекшелігі көп. Мәселен, тізілім жасаудың артықшылығы- біріншіден, сапаны жақсарту.
Аталған есептік жүйе, жеткізушілер, тұтынушылар, тарату аймақтары туралы жүйелі мәліметтер базасын ұсынады.
“Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашада тізілім иелерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бекітілді. Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автожанармай құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылары есепке алынып,мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді. Бұл үшін есепке алу бойынша,жауапты органға өтініш қалдыру қажет. Ол 10 күн аралығында қаралып, шешім қабылданған уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жіберіледі”,- деді Жанбатыр Сансызбай.
Айта кетейік, облыста сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша 7 газ толтыру станциясы жұмыс істейді. Сонымен қатар 29 кәсіпорынға тиесілі 249 автогаз құю стансалары бар.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Қазіргі таңда қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуларынша,
Жаңалық

Алматы облысында 300 су қойма штаттық режимде жұмыс жасап тұр

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Көктем келе қызыл судың қатерінен сақтану әдетке айналған. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық
Жаңалық

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары