Жаңалық

Шеңгелдіде мал жаятын жер жоқ – ауыл тұрғындары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласындағы кездесуінде тұрғындар Шеңгелдіде жайылым жердің тапшылығына шағымданды.

Айтуларынша, бұл мәселе көптен бері өз шешімін таппай келеді. Ал ауылдың жан-жағы түгел суармалы алқаптар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Жұртшылық елдімекенге қарасты жайылым жер болса да, нақты қай жер екенін білмейтіндерін айтып шағымданды.

Халықтың шағымын тыңдаған Марат Сұлтанғазиев пайдаланылмай жатқан жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын айтты.

«Қонаев қаласына қарасты аумақта пайдаланылмайтын 25,6 мың гектар жер анықталып, оның 12,8 мыңы мемлекетке қайтарылған. Оның басым бөлігі Шеңгелді алқабында, 21,3 мың га анықталып, 8,6 мың гектары қайтарылған. Қоғамдық жайылым ұйымдастыру үшін 3720 га жер Қосқұдық, Сарыбұлақ станцияларының, Кербұлақ және Шеңгелді ауылдарының тұрғындарына берілген», – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ауыл әкімі Мақсат Жазиевке қатаң ескерту жасап, тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл Алматы облысы бойынша 543,7 мың гектар қолданылмайтын ауыл шаруашылық жерлері анықталып, оның 118,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы ормандарында биыл 7 рет өрт шықты

Өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінде 7 өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрт ауа-райының
Жаңалық

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын
Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы
Жаңалық

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында