Жаңалық

Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

 

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
Гаухар Абылқасымова және
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Данияр Өмірбеков мәлімдеді.

Өңіріміз өндірісі дамыған аймақ, алайда өнеркәсіптерден шығатын қалдықтардың қордалануы қоршаған ортаға ерекше зиян келтіріп отыр. Гаухар Абылқасомаваның айтуынша, облыста 5700 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 146-сы ірі және орта, қалғаны шағын кәсіпорын.
Тау-кен өндіру,өңдеу, химия және жылу энергетикасы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық кәсіпорындар — қоршаған ортаны неғұрлым ірі ластаушылар.
“Жыл сайын облыс аумағында 900 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, оның 350 мың тоннасы елді мекендерде түзіледі ”,-дейді Гауһар Абылқасымова
Данияр Өмірбековтың сөзінше, былтырғы жылы атмосфераға рұқсат етілген ластаушы заттардың шығарылуы 107,1 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар, Космомониторинг-есепті кезеңде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ геопорталының деректері бойынша облыс аумағында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды.

Related Posts

Жаңалық

Қатерлі ісікпен күресу жолы

  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онколог-дәрігер Карлығаш Тәжібаева хабарлады. Онкологтың айтуынша,
Жаңалық

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1404 жағдай тіркеліп, оның 1045 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

Алматы облысында экотуризм дамуда

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров