Жетісу облысыҚоғам

ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТ

Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 29 жыл. Төтенше жағдайлар саласында қызмет істейтін мамандардың үнемі қауіпке бастарын тігіп жүретіні белгілі. Жетісу облысында құтқарушылар жыл басынан бері 200-ге жуық жанды түрлі апаттан құтқарған.

Жауапты қызметте жалтару жоқ. Өмір үшін арпалыста аянып қалмайтын сала мамандарының еңбегі ерен. Оларды дәріптеуді ұмыт қалдырмағанымыз жөн.

Данияр Қалмурзиннің құтқарушы болып қызмет істеп жатқанына келер қыста 20 жыл болады. Сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы қызметін атқарып жүрген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, тапсырмаларды тиянақты орындап, жас мамандарға үлгі болуда. Сала қызметкері су айдындарының ерекшеліктерін жетік білетіндіктен, апаттық-құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. 2016 жылы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, санавиация тікұшағы апатқа ұшырағанда құтқару операциясының басы-қасында болып, адамдарға жәрдем береді. 2018 жылы Қапал – Ақын Сара тасжолындағы қарлы боранда қалған 170 адамды құтқарып, эвакуациялауға, көктемгі су тасқыны кезінде тасқын салдарын жоюға да атсалысқан арда азамат өз ісіне берілген нағыз адал жан дейді әріптестері.

– Біздің мамандыққа тәуекел керек. Қандай жағдайда болмасын ақылмен іс қылған жөн. Адам өмірін құтқарам деп жүріп, өзің де арандап қалмауың қажет. Бұл өзім қалаған сала болғандықтан жұмысты жан-тәніммен істеуге тырысам. Көптеген оқиғаға тап боласың, бірақ нендей қиындық көрсеңде өзіңді жоғалтуға болмайды. Барлық әріптестерімді айтулы мерекемен құттықтаймын, – дейді Данияр Қалмурзин.

Құтқарушылар күнделікті талай апаттың алдын алады. Адам өміріне араша түсіп, ерлікпен қаза тапқан құтқарушылар да аз емес. Айта кетейік, Жетісу облысында құтқарушылар қатарында 700-ге жуық маман қызмет істейді.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: Данияр Қалмурзиннің жеке архивінен

Related Posts

Жетісу облысы

«Айсұлудың» қыздары-ай!

«Айсұлу» тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді. Талдықорғандағы №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер
Жетісу облысы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: Су шаруашылығы мамандарын оқыту көзделуде

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Қазсушар» РМК Жетісу облысы филиалының директоры Саят Құдайбергенов пен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Медет
Жетісу облысы

Жыл басынан Жетісу облысында табиғатты қорғау туралы заңнамасына қарсы 351 факт анықталды

Өңірде небәрі бір жарым айдың ішінде табиғатты қорғау туралы заңнама 351-рет бұзылған. Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу
Қоғам

Алматы облысында балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді

Қонаевта сауалнама жүргізген AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты осындай дерек жариялаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық