Жаңалық

Жетісуда Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде

Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты. Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Орталық стадионның қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, бірнеше ауданда спорт кешендері мен волейбол орталығы салынды.
Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде: мүмкіндігі шектеулі жандардың 13,3%-ы спортпен белсенді айналысады.
«2025 жылға арналған жоспарларға Текелі қаласындағы шаңғы-биатлон кешені мен ауылдық аймақтардағы спорттық нысандардың құрылысы кіреді. Жас спортшыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда», – деп атап өтті спикер.

Related Posts

Жаңалық

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Жаңалық

Былтыр елімізде ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС
Жаңалық

Қонаевта ветеринариялық стансаға 15 автокөлік кілті табыс етілді

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ветеринария саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні сала ардагерлері мен жас мамандарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Іс-шара барысында 4 облыстық, 11