Жаңалық

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

 

Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда.
Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді. Биылғы жылы 157,9 шақырым автомобиль жолының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 19,1 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхаметовтың сөзінше, 2024-2025 жылдары 45,1 шақырым автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтеді екен. Бұдан бөлек, өзенде су деңгейінің көтерілуінен зақым келген көпірлерде жөндеуден өтеді.
«Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері арқылы өтетін 3 көпір құрылыстарына зақым келген еді. Қазіргі уақытта аталған көпірлеріне күрделі жөндеуге ЖСҚ жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-дейді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 14 жоба жоспарланған, қазіргі таңда жұмыс 100%-ға орындалды.
Мамандар, тақтайдай тегіс жолдың сапасына шамадан тыс жүк артып жүйіткейтін жүк көліктері нұқсан келтіреді дейді. Сондықтан жергілікті автомобиль жолдарына 5 автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 2 данасы орнатылды, оған жергілікті бюджеттен 441 млн. теңге қаражат бөлінді.
Ермек Биғазыұлының айтуынша, «Талғар – Байтерек» 6,9 шақырым автомобиль жолын маршруттық тәсілмен 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нысанда қарастырылған жаяу жүргінші жолдарын орнату жұмыс түріне жергілікті бюджеттен 578,1 млн. теңге бөлінді. Қаражат 100% игерілді.

Related Posts

Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста
Жаңалық

Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу

Жаңбырлы маусымның басталуымен көптеген адамдар саңырауқұлақтарды жинауды ұнатады. Бұл өте сақтықпен қолдануды қажет ететін өнім. Бұл мәселеде адам неғұрлым көп хабардар болса, біз жақсы көретін табиғи өнімді тұтынудың жағымсыз салдарын
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз 1536 жағдай тіркеліп, оның 1176 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 51 552 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 5732, 2-4 жастағы бала – 32 541, медициналық
Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа