Алматы облысында 30 адамға грант беріледі

By 1
1 Min Read
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 30-ға жуық жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін арнайы жоба іске қосылады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге қайтарымсыз грант табысталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы айтты.

«Бұл жоба жастарды қолдауға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған», – деді спикер.

Өтінімдер 9 қазаннан 22 қарашаға дейін қабылданады.

«Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Мұнда әлеуметтік осал топтан шыққан жастарға, жетім және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне басымдық беріледі», – деді Балжан Досалы.

Байланыс үшін: +7 7051506279

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *