Жаңалық

«Кеңес орталығы»: тұрғындарға МӘМС жүйесінің маңызы түсіндірілді

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Кеңес орталығы» жобасы жалғасын тапты. Шара аясында Қонаев қаласының халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы жолғы «Кеңес орталығы» жобасының ерекшелігі – ақпараттық жадынамалар таратылып, қатарға жаңа ұйым қосылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының сарапшылары тартылды. Қор мамандары МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтың мүмкіндіктерін түсіндірді. Халықтың денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдары көп болды. Сарапшыларға көптеп келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын кезек-кезек қойды.

«Біз бұл жобаға алғаш рет қатысып тұрмыз. Басты мақсатымыз – халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру. Бүгін халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бердік. МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтың мүмкіндіктері, емхана деңгейінде оңалту алу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу, шетелде емделуге кімнің құқығы бар, осы мәселелер төңірегінде ақпараттандырдық», — дейді түсіндіру жұмыстарын жүргізген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалының бас сарапшысы Әкімбек Саурықбаев.

Бұдан бөлек, шараға екінші деңгейлі банк, яғни «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері де қатысты. Олар көпке тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шараларды жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара облыс тұрғындарына жан-жақты бағдар беруді көздейді.

«Шара мақсаты — жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың денсаулығын нығайту, қаржылық сауаттылықтарын арттыру және өз құқықтарын білуге шақыру. Біз өз тарапымыздан жас буынға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндірдік. Жадынамалар тараттық. Ал өзге тартылған әртүрлі ұйым мүшелері өз саласы төңірегінде халықпен тілдесті», — дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Мадина Оспанова.

Ұйымдастырушыоар «Кеңес орталығы» жобасы аймақта әр апта сайын өткізілетінін айтады. Алда өзге де сала мамандары тартылып, халыққа кеңінен ақпараттық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысы: Жыл басынан 37 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен ауырған

Жетісу облысында жыл басынан жіті респираторлық вирустық инфекцияның 37 361 жағдайы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев мәлімдеді. Өңірдегі сырқаттанушылық өткен жылғы
Жаңалық

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

Мереке күндері тамақтан уланудың саны артатыны жасырын емес. Жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы немесе мерзімі өткен тағамдарды жеу. Тамақтан улану кез-келген уақытта орын алуы мүмкін.
Жаңалық

Ертеңнен бастап Жамбыл ауданынан Алматыға жаңа маршрут шығады

20 қазаннан бастап Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылынан Алматы қаласына жаңа маршрут қатынайды. №236 бағыттағы қоғамдық көлік Шамалған ауылы арқылы өтетіндіктен аталған ауылдың тұрғындарын да тасымалдайды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік
Жаңалық

Алматы облысында Наурыз мерекесінде 700-ге жуық іс-шара өтеді

Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықты аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14