Без рубрики

Іле ауданында сайлау күні 200-ге жуық тұрғын скринингтен өтті

Өтеген батыр ауылында бірнеше дәрігердің қабылдауы мен УДЗ зерттеуі ұйымдастырылды

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындар медициналық тексеруден де өтті. «Денсаулық – зор байлық» акциясы аясында 200-ге жуық адамға дәрігерлер кеңес берді.

Тұрғындарды офтальмолог, акушер-гинеколог және терапевт қабылдады. Сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ең жоғары сұраныс офтальмолог қабылдауы мен УДЗ-ге түскен.

Бірнеше маман бір жерде қабылдады

Акушер-гинеколог әйелдер денсаулығына қатысты тексеру жүргізсе, терапевт тұрғындардың жалпы жағдайын бағалап, аурудың алдын алу бойынша ұсынымдар берді.

Медициналық тексеруді ұйымдастыруға дәрігер Эльмира Барынова жетекшілік етті.

— Бүгін офтальмолог қабылдауы мен УДЗ-ге сұраныс жоғары болды. Тұрғындар бірнеше маманға бір жерде қаралып, тексеру нәтижесі бойынша қажетті кеңестер алды, — деді Эльмира Барынова.

Осылайша, сайлау учаскесіне келген тұрғындар бір мезетте дауыс беріп, денсаулығын тексертуге мүмкіндік алды.

Related Posts

Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне