Жаңалық

Алматы облысында туризмді дамытуға 58 млрд теңге инвестиция тартылады

Мерекелік демалыс күндері Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың аясында 2028 жылға дейін тау курортын кеңейту, атап айтқанда аспалы жолдар салу, шаңғы трассаларының ұзындығын ұлғайту, еңістерді, парапландар, глампинг алаңдарын жабдықтау, мейрамханалар, көлдер мен этноқалашық салу жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев баяндағандай, негізгі үш бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шаралары белгіленді. Оның айтуынша, облыс басшылығы инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ әкімшілік қолдау көрсетуге дайын.
Облыс әкімінің орынбасары Рустам Маратұлы аталған меморандум бойынша берген сұхбатында: «Қол қойылған меморандум аясында инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, атап айтқанда 15 МВт қосымша электр қуатымен қамтамасыз ету, тау бөктерінде жасанды қар жасау үшін сумен жабдықтау жүйесін кеңейту бойынша маңызды жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Жылына 100 мың текше метрге дейін, сондай-ақ тұрмыстық қажеттіліктер үшін тәулігіне 700 текше метрді қамтамасыз етеді. Тағы бір маңызды қадам – газ құбыры учаскесін оның өткізу қабілетін сағатына 1000 текше метрге дейін арттыра отырып, қайта құру. Сонымен қатар, Байбұлақ ауылынан Ой-Қарағайға дейін жүк және жолаушылар тасымалы жолын салу жобасы жүзеге асырылады. Ал соңғы, бірақ маңызды қадам – жарықтандыру орнатылып, өткізу қабілетін арттыра отырып, Талғар трактісі – Ой-Қарағай жолын қайта жаңғырту», – деді.
Сөз соңында облыс әкімінің орынбасары өңірдегі туризм саласын дамытудың бірінші кезектегі маңызына тоқталды. Ол өңірдің зор әлеуетін ескере отырып, туризмді дамыту жалпы ілгерілеудің негізгі факторына айналатынына сенім білдірді. Туризмге құйылған инвестиция мен көңіл осы саланың өркендеуіне ықпал етіп қана қоймай, өңірдің жалпы экономикалық және әлеуметтік дамуына да игі ықпал ететіні туралы айтты.
2023 жылдың 11 айындағы жағдай бойынша туризм секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 51 млрд теңгені құрады, қызметкерлерді тарту 1750 адамды құрайды.

Related Posts

Жаңалық

Шеңгелдіде мал жаятын жер жоқ – ауыл тұрғындары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласындағы кездесуінде тұрғындар Шеңгелдіде жайылым жердің тапшылығына шағымданды. Айтуларынша, бұл мәселе көптен бері өз шешімін таппай келеді. Ал ауылдың жан-жағы түгел суармалы алқаптар, ауыл
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау бойынша 86 заңбұзушылық тіркелді

5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат
Жаңалық

Алматы облысында 389 ауыл мектебі олимпиадаға қатысады

Алматы облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық деңгейдегі олимпиада басталды. Дарынды оқушылардың сайысына ауыл мектептерінде білім алатын 9-11 сынып оқушылары қатысады,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Республика бойынша 85401 оқушы
Жаңалық

Алматы облысындағы демалыс аймақтарына санитарлық тексеріс жүргізілді

Алматы облысының демалыс орындары шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі. Жалпы, аймақта 103 су айдыны мен демалыс орыны бар. Атап айтсақ, 97-сі Қонаев қаласы және біреуі Еңбекшіқазақ пен