Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында жұқпалы аурулар белең алып тұр

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар оның ішінде вирусты гепатит А, қызылша, көкжөтел белең алуда. Жетісу облысы бойынша қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1496 жағдайы тіркеліп, оның 1139 жағдайы расталды. Оның ішінде 1035 жағдай зертханалық жолмен, эпидемиологиялық байланысты 3, клиника бойынша біреуі расталды. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 70%. Осындай ақпаратпен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Жүсіпбекова бөлісті.
«Жеке бастың гигиенасын сақтамаудың салдарынан пайда болатын вирустық А гепатиті былтырғы жылдың эпидемиялық кезеңінде 74 жағдайы тіркелді. Биыл өткен жылдың эпидемиялық кезеңмен салыстырғанда сыр-қаттанушылық 2,1% есеге жоғарылаған. Мәселен, 1 наурыз бен 14 наурыз аралығында Ақсу, Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында вирустық «А» гепатитінің 11 жағдайы тіркелді. Ал 2023-2024 жылдың эпидемиялық кезеңінде вирустық «А» гепатитінің 74 жағдайы тіркелді», — деді спикер.
Ал көкжөтел келетін болсақ, жыл басынан бері облыста 8 жағдай орын алып, дертке шалдыққандар стационарда ем алып шыққан.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, су апатының салдарынан басқа да инфекциялардың ушығуы қаупі басым. Кәріз суларының ауыз сумен араласуынан, апаттық жағдайға байланысты түрлі ішек ауруларына әкеліп соқтыру қаупі жоғары. Сол ішек жұқпалы ауруларының бірі вирустық гепатит А және Е түрі. Осыған байланысты жеке гигиенаны сақтауға және таза ауыз су ішуге, жеміс-жидектерді үнемі жууға шақырды. Сөз соңында спикер жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі құралы вакцинация екенін атап өтті.

Related Posts

Жетісу облысы

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте
Жетісу облысы

ТҰҢҒЫШ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады. Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді. Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш
Жетісу облысы

Талдықорғанда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекова өз таңдауын жасады

Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келді. Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде
Жетісу облысы

Жетісулық БАҚ өкілдері шекара аймағының тынысымен танысты

1967 жылы құрылған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарқан» шекара бөліміне қарасты «Басқан» шекара бөлімшесі тәуелсіз күн тұғыры мен ел қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде. Өз отбасынан