Жаңалық

Ұлттық өнер дәріптелген күн: Алматы облысында Ұлттық домбыра күні тойланды.

Қонаевта Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра-дастан» фестивалі өтті. Оған Алматы облысының түкпір-түкпірінен мыңдаған музыканттар жиналды.
Белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев пен Нұркен Әшіров сынды аға буын өкілдері домбыра құлағында ойнап, ел арасында кеңінен таралған шығармаларды орындады.
Ал аудандық және қалалық мәдениет орталықтарының жанынан жұмыс істейтін 80 үйірменің 1000-нан аса шәкірті күміс күйден шашу шашты. Оларға әр аймақтан келген 92 үйірме ұстаздары жетекшілік етті.
Фестивальге өңір басшысы Марат Елеусізұлы да арнайы келді. Алматы облысының әкімі қазақ мәдениетінің дәстүрлерін сақтау мен дамытудың маңызына тоқталды.


«Домбыра – бұл жай ғана музыкалық аспап емес, бұл біздің тарихымыздың, бірегейлігіміздің символы. Жас ұрпақтың өз мәдениетін білуі және жақсы көруі маңызды. Сондықтан домбырада ойнау өнерін кеңінен насихаттау қажет — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
«Домбыра-дастан» фестивалі қазақ музыкасы мен мәдениетін сүйетіндер үшін нағыз мереке болды. Арнайы мерекелік бағдарлама көрермендерді Құрманғазы Сағырбайұлының классикалық шығармаларын орындаумен, сонымен қатар композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» сияқты заманауи әуендерімен де қуантты. Шара облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.

Related Posts

Жаңалық

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа
Жаңалық

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында -  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да
Жаңалық

Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты