Жаңалық

Алматы облысында 33 елдімекеннің 3D моделі жасалды

Алматы облысында әкімдіктердің және оның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл процестерін оңайлату мақсатында арнайы цифрлық жоба әзірленген. Аталған жобаның жұмысы өткен жылдың 23 желтоқсанынан басталған.

Осы күнге дейін қол жеткізілген көрсеткіштер жайында брифингте облыстық цифрландыру басқармасының бөлім басшысы Олжас Артықбай айтты.

«»Цифрлық көшірме» жобасы аясында барлық деңгейдегі карталар цифрландырылды, жер бедерінің, ортофотопландардың цифрлық модельдері және ауданы 582,1 шаршы метр құрайтын 33 елдімекеннің 3D модельдері жасалды», — деді спикер.

Сондай-ақ ол жоба шеңберінде облыстың проблемалық мәселелерінің, жер учаскелерінің, ветеринариялық станциялар мен мал қорымдарының, Қонаев қаласындағы камералардың, ерекше қорғалатын аумақтардың, құрылыс объектілерінің, қылмыстар бойынша тақырыптық үш өлшемді және екі өлшемді карталары жасалғанын атап өтті.

«Қазірдің өзінде цифрлық карталар халыққа және басқа да мүдделі тараптарға ашық және жабық деректерді қолдануға мүмкіндік беріп отыр», — деді Олжас Артықбай.

Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Жарболов цифрлық көшірме бойынша осы салада жасалған жұмыстар жайлы айтты. Сөзінше, цифрлық көшірмеде барлық аудандағы ветеринариялық бөлімдері сары түспен, сібір жарасы ошақтары қызыл түспен, мал қорымдары күлгін түспен белгіленген.

«Көшірме қолданысқа берілгелі басқармаға түсетін өтініш саны азайып, жұмыс оңтайланды. Жүйеде кез келген адам ветеринария бөлімшелеріне кедергісіз хабарласуына жағдай жасалған. Ай сайын көшірме жаңартылып, мониторинг жүргізіліп отырады», — деді ол.

Цифрлық платформада төтенше жағдайлар бойынша да ақпаратты алуға болады. Бұл жайында ТЖД бастығының бірінші орынбасары полковник Данияр Қасымов сөз етті.

«Төтенше жағдайларға байланысты мәліметтердің барлығы жүйеге енгізілген. Оның ішінде су гидранттары, өрт сөндіру станцияларының орналасу орны, су қоймалары, мореналдық көлдер, дабыл жүйелерінің орналасқан пункттері, селге, топырақ көшкініне, қар көшкініне қауіпті аймақтар, химиялық қауіпті нысандар, шомылуға тыйым салынған жерлер т.б. ақпарат бар», — деді спикер.

Биыл арнайы сайттан (gis.almatyregion.kz) басқа, мобильді қосымша жасау жоспарланып отыр.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген

Алматы облысында алма бағынан ірі көлемде қарасора плантациясы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. «Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді»
Жаңалық

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау
Жаңалық

Информационное сообщение по размещению агитационных материалов для кандидатов в акимы Балхашского района

Общие условия предоставления ИП «ALATAU MEDIA» интернет площадей на сайте www.alatau24.kz кандидатам на выборы в акимы Балхашского района. ИП «ALATAU MEDIA»  — собственник сайта www.alatau24.kz (далее – Сайт) в соответствии с
Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа