Мәдениет

Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза өлке» эконауқаны кең ауқымда өтіп жатыр. Бүгін Қонаевтағы 800-ден астам бизнес нысандары өз аумақтарын тазалап, шаһар келбетінің жарқын болуына үлестерін қосты.

Олардың қатарында «Bagashar meken» ЖШС, «Acrylate» ЖШС, Құрама жем зауыты, «Қапшағай жылу» мекемесі, «Қапшағай өңірлік газ желілері» ЖШС, «Агрофит» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар мен дәмханалар, мейрамханалар, дүңгіршектер мен дүкендер бар. Қызметкерлер тек өз аумақтарын тазартып қана қоймай, іргелес көшелерді де жинады. Жалпы бүгін сенбілікке 2000-ға жуық адам қатысып, 116 қап қоқыс шығарды.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қала тұрғындарын үнемі тазалық сақтап, табиғатты күтіп ұстауға шақырды.

Related Posts

Мәдениет

Мектептегі ескерткіштің аумағы тазаланды

Бүгін "Киелі мекен" акциясы аясында қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 мектеп-гимназияның оқушылары ауладағы ескерткіш маңын тазалады. Шараға 9-сыныптың 15 оқушысы және мұғалімдер қатысты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, мектеп аулаларына үнемі сенбілік жасалады.
Қоғам

Жетісу облысында  «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауы жарияланды

«Ортақ шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылатын  «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауы жарияланды.                                                      ЕРЕЖЕСІ 1.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,  «Қоғамдық келісім» КММ.   2.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ  
Мәдениет

Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қаламызда «Киелі мекен» акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады. Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп,
Қоғам

Жетісу облысында өткен «Жайдарлы Жетісу» республикалық ойыны қорытындыланды

«КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу» басым бағыты бойынша  Жетісу облысында «Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы жүзеге асырылды. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетіп, «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық