Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы»ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, баланың бойынан байқалатын аурудың бірінші белгісі — қарым-қатынас қабілетінің болмауы. Сондай-ақ бала зер салмаса, есімін атағанда қарамаса, эмоциясын көрсетпесе,ата-ана мұны дабыл деп қабылдау керек. Мұндай қылықтарды баланың бойынан 1,5-2 жасында аңғаруға болады. Егер осындай белгілер байқалса, мамандарға жүгінген дұрыс.

Ақ халатты жандардың айтуынша, емдеу жолы беймәлім аутизмге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келеді.

«Қазіргі таңда аутизмге шалдыққан 391 бала, 6 ересек адам тіркеуде тұр. Бұл ретте «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында ерте араласу және оңалту орталығы жұмыс істейді. Былтыр аутизмге шалдыққан 15 бала оңалтудан өткен. Бұдан бөлек, Талғар ауданында орналасқан «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» жанынан аутизмге арналған қосыша кабинет ашу жоспарлануда»,-деді Райгүл Тленова.

Райгүл Тленованың сөзінше, аутизм диагнозы қойылған балалар қоғам және мемлекет қолдауына мұқтаж. Бүгінде БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап 2 сәуір күні аутизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі.

Алматы облыстық ДСБ баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 2 мыңнан аса адам қатерлі ісіктен ем алып жатыр

Бұл туралы Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының онкомаммологы Дәулет Айдаров баспасөз мәслихаты барысында айтты. Даулет Айдаровтың айтуынша сенбі күндері «Қызыл қазан» атты акция өткізілді. Яғни Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде ашық есік
Жаңалық

Ұлттық өнер дәріптелген күн: Алматы облысында Ұлттық домбыра күні тойланды.

Қонаевта Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра-дастан" фестивалі өтті. Оған Алматы облысының түкпір-түкпірінен мыңдаған музыканттар жиналды. Белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев пен Нұркен Әшіров сынды
Жаңалық

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды. Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі
Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы. Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы