Жаңалық

Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті

 

Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады.
Департамент өкілінің айтуынша, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қадағалау қызметі жоғары деңгейде жүзеге асырылған. Жыл басынан бері 545 өтініш қаралып, 210 заңды тұлға тіркелді, 136 қайта тіркеу рәсімі жүргізілді. Апостиль қою бойынша 323 өтініш қабылданып, қызметтер уақытылы көрсетілді. Сонымен қатар, 14 461 азаматқа мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі ұсынылды.
Бұдан бөлек, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында 28 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 21 әкімшілік іс қозғалды. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 17,5 миллион теңгеден асып, заңсыз тауар айналымына тосқауыл қойылды.
Спикердің айтуынша, өңірде 250 нотариус пен 449 адвокат қызмет атқарады. Жыл бойы департаментке олардың қызметіне қатысты 100-ден астам өтініш түсіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, адвокатура мен нотариат саласында 28 үміткер аттестаттаудан сәтті өтіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
“Жыл басынан департаментте алимент өндіру мәселесі ерекше назарда болды. Облыста 16 632 алимент ісі қаралып, 4208 борышкерге елден шығуға шектеу қойылды. Сонымен қатар, 11 борышкердің мүлкі анықталып, өндіріп алушылардың пайдасына өткізілді”, – деді Нұржан Сатубеков.
Еске салайық,Алматы облысы Әділет департаменті тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде және аймақта заңдылықты қамтамасыз етуде өз жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау
Жаңалық

Әдеп — мінсіз қызмет кепілі

Этикалық нормалар қызметте жүрген әр жанға ортақ. Сала мен лауазымды таңдамайтын баршаға бірдей заң жүйесі төтеншеліктерді де айналып өтпейді. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
Жаңалық

Жастарға жалға беру үшін 10 мыңға жуық пәтер сатып алынады

Республикалық маңызы бар қалаларда жастарға 3 мың жалдамалы пәтер сатып алу үшін 32,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған. «Жастар жылының
Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады. Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз