ҚоғамМәдениет

Бикен Римов атындағы Талдықорған драма театры Түркіменстандағы театр фестиваліне аттанбақ

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16  қараша   аралығында  Түркіменстанның Мәдениет министрлігі  және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өтетін «Театральное исскуство эпохи счастья» театр  фестиваліне қатысады.

Фестивальдің ұйымдастыру комитеті өнер бәйгесінің басты мақсаты ұлттық театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру екенін алға тартуда. Сонымен қатар, аталмыш фестивальдің басты талаптарының бірі қатысушы театрлардан ұсынылған қойылым классикалық немесе ұлттық шығармадан болуы тиісті. Театрымыз қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасының желісімен сахналанған қойылымды ұсынып, Қазақ елінің намысын қорғайды. Қойылымның қоюшы-режиссері Фархад Молдағали.

Қорғансыздың күні шығармасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының репертуарындағы шоқтығы биік қойылымдардың бірі. Спектакльде автор байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды.

Халықаралық фестивальге Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінен театр ұжымдары қатысады. Айта өту керек, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры Қазақстаннан алғаш рет қатысатын облыстық театр болып саналады.

Related Posts

Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Жетісу облысы

Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды

Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге
Жетісу облысы

Қызылтастағы петроглифтердің қазіргі жағдайы

«Темір» карьеріне баратын грунттық жолды салу барысында жолдың бойында орналасқан археологиялық қорғандардың сақталуына қатер төңгені белгілі болды. Бірақ облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың араласуымен ескерткіштерге зиян тигізетін жұмыс түрлері