Перейти к содержимому
Вторник, 24 ноября +10° Алматы Воздух 91

Балалардың қауіпсіздігі: Іле ауданында 12 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Іле ауданында 68 отбасының мәселесі қаралды

Читать 1 мин 1
WhatsAppTelegramX

Алматы облысының Іле ауданында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 68 отбасының мәселесін қараған. 12 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Жыл басынан бері комиссияның 21 отырысы өткізіліп, 42 мәселе талқыланған.

Комиссия жұмысының нәтижесінде 4 бала уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Сондай-ақ 5 ата-ананың ата-ана құқығын шектеу, 4 ата-ананы ата-ана құқығынан айыру бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Бұдан бөлек, 11 бала кешкі мектепке, 5 бала басқа білім беру ұйымдарына ауыстырылса, 6 бала арнайы мектепке оқуға жіберілген.

Әлеуметтік қолдау аясында 12 отбасы «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жолданып, екі отбасыға демеушілік көмек көрсетілген. Ал 3 ата-ана нарколог дәрігердің есебіне алынып, емделуге жіберілген.

Сонымен қатар 17 отбасыға отбасындағы жағдайды түзету үшін уақыт беріліп, олар бақылауға алынған.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықовтың айтуынша, комиссия жұмысының басты басымдығы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау.

«Әрбір баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сондықтан туындаған мәселелерді шешумен қатар, олардың алдын алуға, отбасыларға уақытылы қолдау көрсетуге және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейтуге басымдық беруіміз керек», – деді Асқар Садықов.

Ауданда балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық қолайсыздық пен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Как вам эта новость?

Поделиться
WhatsAppTelegramX

Нашли ошибку? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *