Жаңалық

«PARYZ» еріктілері Алматы облысының үздік волонтерлері атанды

Еріктілер қоғамға қосқан үлесі үшін үздік деп танылды

Алматы облысы әкімінің «Заңғар 2024» жастар сыйлығының «Үздік жас волонтер» номинациясын биыл «PARYZ» еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқазы Әділет Нұрболатұлы жеңіп алды.

Бұл марапат оның еріктілік саласындағы белсенді жұмысын мойындау ғана емес, қоғамды жақсартуға бағытталған нақты бастамаларының жоғары бағасы болды.

Әділет Айтқазының айтуынша, 2024 жыл «PARYZ» еріктілері үшін үлкен жетістіктер мен маңызды шараларға толы болды.

«Биыл біз есірткіге қарсы күресті күшейтіп, Алматы облысының бірнеше ауданында заңсыз жарнамаларды жою бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Бұл шара аясында 300-ден астам жарнама өшіріліп, 10 мың шаршы метр аумақ тазаланды. Жастар арасында ақпарат тарату мақсатында 1500 парақша таратылып, 50-ден астам ерікті жұмылдырылды. Біз бұл арқылы тек аумақтарды тазартумен шектелмей, жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруды мақсат еттік»,дейді ол.

Сонымен қатар, еріктілер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге де белсене атсалысқан.

«Алматы облысында табиғи апат болмағанымен, біз зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге міндеттіміз деп санадық. Осы мақсатта 6 тонна гуманитарлық жүк жинап, 1 мың жұп резеңке аяқкиімді жөнелттік. Бұл шарада волонтерлердің ұйымшылдығы ерекше байқалды»,деді ӘділетАйтқазы.

Экологиялық бастамалар да «PARYZ» еріктілерінің назарынан тыс қалмаған.

«Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында біз Қапшағай су қоймасын тазарту жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл шара барысында 5 тонна қоқыс жиналып, 10 шақырым аумақты қалпына келтірдік. Еріктілер тек тазалықпен шектелмей, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға күш салды»,депатап өтті ол.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, қарттарға көмек көрсетуде негізгі бағыттардың бірі болды.

«Жыл бойы біз көмекке мұқтаж 20-ға жуық қарияның үйіне барып, тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектестік. Сонымен қатар, 10 жалғыз басты қарттың күнделіктіқажеттіліктерін қамтамасыз етіп, олардың өміріне аз да болса жылулық әкелуге тырыстық. Бұл марапат тек менің ғана емес, бүкіл «PARYZ» еріктілерінің еңбегінің нәтижесі. Біз жастардың белсенділігін арттыру және қоғамды жақсарту жолында жұмыс істей береміз»,деді бірлестік төрағасы Әділет Айтқазы.

Айта кету керек, Алматы облысының әкімдігі бұл сыйлық арқылы аймақтағы ең белсенді жастарды ынталандырып, олардың үлгісін қоғамға насихаттауды көздейді.

Related Posts

Жаңалық

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде
Жаңалық

Алматы облысында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы Алматы облысында АИТВ-инфекциясының 263 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Өкінішке қарай, індет жабыстырғандар арасында 1 мен 4 жас аралығындағы балалар да бар. Алматы
Жаңалық

Алматы облысында сел қаупі сейілді

  Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және