Перейти к содержимому
Вторник, 24 ноября +10° Алматы Воздух 94

Алматы облысында көшеге қоқыс тастағандар бейнебақылау камералары арқылы анықталуда

Читать 1 мин 0
WhatsAppTelegramX

Алматы облысында қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Көшеге қоқыс тастаған, темекі тұқылдары мен тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге лақтырған азаматтар анықталуда.

Құқық бұзушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнамада көзделген жағдайларда тиісті шаралар қабылданады.

Аталған жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, қалдықтарды арнайы жәшіктерге тастауға және елді мекендерді абаттандыруға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін құрметтеуге шақырады.

Как вам эта новость?

Поделиться
WhatsAppTelegramX

Нашли ошибку? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *